Қаржы-экономика факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

5В050700 «Менеджмент»
(бакалавриат)

6М050700 «Менеджмент»
(магистратура)

Павлодар аймақтарында заманауи еңбек нарығында талап етілгендердің бірі болып Экономика мамандығы саналады. Негізгі себептері:

- Павлодар облысы Қазақстанның дамыған өнеркәсіп аймақтарының бірі болып саналады.  Біздің аймағымызда кәсіпорын саны және жұмыс орындары үнемі ұлғайып отырады. Кәсіпорындарға басқару саласындағы сауатты мамандар талап етіледі;

- білім траекториясын құру кезінде акцент олардың нарық субъектілерінің кепілдемесі болатын адам капиталын сауатты басқаруына іске қосылады;

- берілген мамандықта оқып жүріп, бизнесті ұйымдастырудың білімін және машықтығын, дағдарысқа қарсы басқаруын, басқарушылық шешімді әзірлеу үрдісі бойынша, инновациялық басқарушылықты, тиімді іскери қатынасты құру, командада жұмысты ұйымдастыра алуы мүмкін;

- оқу жоспар базалық блогінің элективті пәндері нақты, қаржылы немесе экономиканың мемлекеттік секторларында жұмысқа орналасу мүмкіндігі есебімен қалыптасқан.

«Менеджмент» мамандығы бойынша студенттердің дайындығы 2001 жылдан бастап «Экономика және менеджмент» кафедрасында өткізіледі.

Білім алушылардың дайындықтары сабақ беретін пәндердің профиліне сәйкес, базалық білімдері бар, ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыздандырылады. Оқу үрдісіне ғалымдар, алдыңғы қатарлы мамандар-тәжірибешілер шақырылады: э.ғ.д., профессор Е.М. Арын; т.ғ.к., профессор Т.Я. Эрназаров, С.С. Донцов; э.ғ.к., профессорлары С.К. Кунязова, Хисматуллин Р.А., Титков, А.А. э.ғ.к., доценттері  М.М. Омаров, Н.С. Кафтункина, А.Б. Утебаева, А.Ж. Мусина, Г.Р. Байтаева, И.Н. Шамрай, С.А. Рахимова.

Өндірістік тәжірибені өткен кезде тәжірибені ұйымдастыру механизмі арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша аймақтың жүргізуші кәсіпорындарымен кафедра белсенді серіктеседі.

Дайындық мазмұны

5В050600 «Менеджмент» (бакалавриат) мамандығы бойынша диплом алатын С.Торайғыров атындағы ПМУ түлектері оқу кезінде келесі дайындықтардан өтеді: 

*  Жалпы білім беру  пәндер:

Шетел тілі, Қазақ (Орыс) тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Философия, Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Іс қағаздар жүргізу, Құқық негіздері, Саясаттану.

* Базалық пәндер:

Экономикадағы математика, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Статистика, Бухгалтерлік есеп, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Өнеркәсіп өндірісі технологиясының негіздері, Эконометрика, 1С бухгалтерия, Логистика, Баға белгілеу, Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар.

* Профильдік пәндер:

Менеджмент, Өндірістік менеджмент, Инновациялық менеджмент, Персоналды басқару,  Бизнес этикасы, Сапа менеджменті, Стратегиялық менеджмент, Бизнесті ұйымдастыру, Еңбек нарығының экономикасы, Басқарушылық шешімді әзірлеу, Дағдарысқа қарсы менеджмент.

Магистратурада және PhD докторантурада оқу экономикалық мазмұн проблемаларын шешуге ғылыми жолдарды дамытуға және білім саласын мамандандыруға бағытталған

Оқу мерзімі

Бізге келесілер оқуға келе алады:

- ҰБТ  немесе кешендік тестілеу нәтижелері бойынша жалпы білім беру орта мектептерінің түлектері.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл                                  

-  осы бағыт бойынша білімі бар орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектері.

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

-      жоғары оқу орындарының түлектері.

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

Оқу мемлекеттік білім беру гранты немесе келісім шарт негізінде(жеңілдіктер көзделген).

Түлектердің сипаттамалары

Берілген мамандық бойынша ПМУ түлегі экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешумен және ұйымдастырушылық сипаттаманы, коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындарды ұйымдастыра және басқаруға хабардар, кәсіпорынды функциялауды кешенді талдай алады, олардың қызметіндегі тиімділікті арттыру резервін анықтап және нарықтық салада адекватты шешімдерді қабылдай алады.

Осыдан басқа, олардың қызметінің нақты шарттарының есебімен кәсіпорындарды басқаруды ұйымдастырудың ғылыми-негізделген тиімді түрлерін іске асыруға мүмкіндік беретін тәжірибелік машықтары бар, нарықтық жағдайларды бағалай біледі және ауысатын конъюктурамен сәйкес басқарушылық шешімдерді қабылдайды, оқылатын объектінің жағдайын талдап, приоритетті анықтайды, экономикалық және географиялық өзгерістерге икемделеді, әлеуметтік, моральді, психологиялық түрде  мобильді және бейімді.

Оқудың аяғында түлектер:

* кәсіпорындарды және ұйымдарды басқару және өндірісті ұйымдастырудың негіздерін біледі;

* басқарушылық, әкімшілік, экономикалық функцияларды сапалы орындауды біледі;

* динамикалық дамудың сыртқы саланың шартындағы стандартты емес жағдайлардағы тәжірибелік тапсырмаларды және проблемаларды шешуге машықты;

* экономика, кәсіпорынды басқару және ұйымдастыру саласында компетентті.

Жұмысқа орналасу саласы

5В050700 «Менеджмент» (бакалавриат), мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ аяқтаған соң түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып келесілер табылады:

* Жеке меншіктің барлық формаларының кәсіпорындары мен фирмалары;

* Ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық ұйымдар;

* Аудиторлық-консалтингтік фирмалар;

* Экономика және қаржыны басқару органдары (Министрліктер, Ведомстволар және агенттіктер);

* Жергілікті басқару органдары (аудандар, қалалар, облыстар әкімшіліктері) және орындау органдарының аппараттары;

* Ұлттық мемлекеттік және жеке меншік  компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар.

Оқуды жалғастырудың болашағы

Оқуды аяқтаған соң түлекке «менеджмент бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалып және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Осы мамандық бойынша жоғарғы кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген түлектер білімдерін магистратурада, одан соң менеджмент мамандығы бойынша PhD докторантурада жалғастыра алады.


Бізге оқуға келіңіздер!!!


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономика факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Біз сіздерді күтеміз!!!

 

Біздің мекен жайымыз:

140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, тел. 67-36-43, каб. № 419

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73, каб. 132а

Дайындық курстары: тел. 67-36-50

 

Тестілеуде тандалатын пән - география

 


 

Certified
by Russian Register