Қаржы-экономика факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

5В050600 «Экономика»
(бакалавриат)

6М050600 «Экономика»
(магистратура)

6D050600 «Экономика»
(докторантура PhD)


«Экономика» мамандығы бойынша студенттердің дайындығы 2001 жылдан бастап «Кәсіпорындағы экономика және басқару» кафедрасында өткізіледі. Қажетті ақпаратты өздік жинау, талдау және өндеу білетін және оны тиімді қолдана білетін жаңа типті мамандықты шығару мақсатында, 2004 жылдан бастап университетте оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген, оның негізгі артықшылығы келесіде болады:

Павлодар аймақтарында заманауи еңбек нарығында талап етілгендердің бірі болып Экономика мамандығы саналады. Негізгі себептері:

- Павлодар облысы Қазақстанның дамыған өнеркәсіп аймақтарының бірі болып саналады.  Біздің аймағымызда кәсіпорын саны және жұмыс орындары үнемі ұлғайып отырады. Кәсіпорындарға басқару саласындағы сауатты мамандар талап етіледі;

- білім траекториясын құру кезінде акцент олардың нарық субъектілерінің кепілдемесі болатын адам капиталын сауатты басқаруына іске қосылады;

- берілген мамандықта оқып жүріп, бизнесті ұйымдастырудың білімін және машықтығын, дағдарысқа қарсы басқаруын, басқарушылық шешімді әзірлеу үрдісі бойынша, инновациялық басқарушылықты, тиімді іскери қатынасты құру, командада жұмысты ұйымдастыра алуы мүмкін;

- оқу жоспар базалық блогінің элективті пәндері нақты, қаржылы немесе экономиканың мемлекеттік секторларында жұмысқа орналасу мүмкіндігі есебімен қалыптасқан.

«Экономика» мамандығы бойынша студенттердің дайындығы 2001 жылдан бастап «Экономика және менеджмент» кафедрасында өткізіледі.

Білім алушылардың дайындықтары сабақ беретін пәндердің профиліне сәйкес, базалық білімдері бар, ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыздандырылады. Оқу үрдісіне ғалымдар, алдыңғы қатарлы мамандар-тәжірибешілер шақырылады: э.ғ.д., профессор Е.М. Арын; т.ғ.к., профессор Т.Я. Эрназаров, С.С. Донцов; э.ғ.к., профессорлары С.К. Кунязова, Хисматуллин Р.А., Титков, А.А. э.ғ.к., доценттері  М.М. Омаров, Н.С. Кафтункина, А.Б. Утебаева, А.Ж. Мусина, Г.Р. Байтаева, И.Н. Шамрай, С.А. Рахимова.

Өндірістік тәжірибені өткен кезде тәжірибені ұйымдастыру механизмі арқылы түлектерді жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша аймақтың жүргізуші кәсіпорындарымен кафедра белсенді серіктеседі.

Дайындық мазмұны

5В050600 «Экономика» (бакалавриат) мамандығы бойынша диплом алатын С.Торайғыров атындағы ПМУ түлектері оқу кезінде келесі дайындықтардан өтеді: 

*  Жалпы білім беру  пәндер:

Шетел тілі, Қазақ (Орыс) тілі, Информатика, Экология және тұрақты даму, Философия, Қазақстан тарихы, Мәдениеттану, Әлеуметтану, Іс қағаздар жүргізу, Құқық негіздері, Саясаттану.

* Базалық пәндер:

Экономикадағы математика, Экономикалық теория, Макроэкономика, Микроэкономика, Статистика, Бухгалтерлік есеп, Маркетинг, Менеджмент, Қаржы, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Өнеркәсіп өндірісі технологиясының негіздері, Эконометрика, 1С бухгалтерия, Логистика, Баға белгілеу, Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар.

* Профильдік пәндер:

Халықаралық экономика, Кәсіпорын экономикасы, Еңбек нарығының экономикасы;  Кәсіпорын қызметін жоспарлау, Өндірісті ұйымдастыру, Кәсіпкерлік, Деректерді талдау және экономиканы моделдеу.

Магистратурада және PhD докторантурада оқу экономикалық мазмұн проблемаларын шешуге ғылыми жолдарды дамытуға және білім саласын мамандандыруға бағытталған

Оқу мерзімі

Бізге келесілер оқуға келе алады:

- ҰБТ  немесе кешендік тестілеу нәтижелері бойынша жалпы білім беру орта мектептерінің түлектері.

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл

- осы бағыт бойынша білімі бар орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектері.

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

-  жоғары оқу орындарының түлектері.

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес;

Оқу мемлекеттік білім беру гранты немесе келісім шарт негізінде(жеңілдіктер көзделген).

Түлектердің сипаттамалары

Берілген мамандық бойынша ПМУ түлегі экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешумен және ұйымдастырушылық сипаттаманы, ақпараттарды өндеу, сыртқы саланың динамикалық шартындағы шешім қабылдауды игереді, теориялық білімдерді және жағдайлық басқарудың практикалық машықтарын, компьютерлік технологияларды қабылдау машықтарымен, ақпараттарды әзірлеу және сақтауды меңгереді, тәжірибелік тапсырмаларды және стандарттық емес жағдайлардағы проблемаларды шешу үшін жеткілікті теориялық дайындықтары болады. Түлек комерциялық, қаржылық, әкімшілік және басқа басқарушылық функциялар шеңберіндегі тәжірибелік тапсырмаларды сапалы орындауға, белсенді шығармашылық кәсіби және әлеуметтік қызметке дайын.

Оқудың аяғында түлектер

  • Басқару ұйымдары мен кәсіпорындарының экономикалық қызметтерінің тәжірибелік сұрақтарын кәсіби шеше білу, шаруашылық етуші субъектілердің ең тиімді нұсқаларын таңдау, қызметкерлерді ынталандыру, кәсіпорынның қызметін бақылауды жүзеге асыруды;
  • Қызметкерлерді тиімді жұмыс топтарына біріктіру, новаторлық қызметті белсендіру, жағымды психологиялық микроклиматты жасауды.

Жұмысқа орналасу саласы

5В050600 «Экономика» (бакалавриат), мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ аяқтаған соң түлектердің кәсіби қызметінің объектілері болып келесілер табылады:

  • Жеке меншіктің барлық формаларының кәсіпорындары мен фирмалары;
  • Ғылыми-зерттеу, жобалық-құрастыру ұйымдар;
  • Аудиторлық-консалтингтік фирмалар;
  • Экономика және қаржыны басқару органдары (Министрліктер, Ведомстволар және агенттіктер);
  • Жергілікті басқару органдары (аудандар, қалалар, облыстар әкімшіліктері) және орындау органдарының аппараттары;
  • Ұлттық мемлекеттік және жеке меншік  компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар.

Оқуды жалғастырудың болашағы

Оқуды аяқтаған соң түлекке «экономика бакалавры» академиялық дәрежесі тағайындалып және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Осы мамандық бойынша жоғарғы кәсіби білімнің білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген түлектер білімдерін магистратурада, одан соң экономика мамандығы бойынша PhD докторантурада жалғастыра алады.

 

Бізге оқуға келіңіздер!!!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономика факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Біз сіздерді күтеміз!!!

 

Біздің мекен жайымыз:

140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, тел. 67-36-43, каб. № 419

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73, каб. 132а.

Дайындық курстары: тел. 67-36-50

 

Тестілеуде тандалатын пән - география

 


 

Certified
by Russian Register