Тарих және құқық факультет
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясының кафедрасы
5B030100 «Құқықтану»
бакалавриат
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында “Құқықтану” бакалавр мамандығы бойынша мандарды дайындау бірнеше жылдан бастап жүргізіледі. Кафедраның оқу процесіне жоғары білікті мамандар, республиканың алдыңғы жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ практикалық жұмыста мол тәжірбиесі бар құқық қорғау органдарының өкілдері тартылады.
Мемлекет және құқық тарихы мен териясы кафедрасының кадрлық потенциалы: з.ғ.д., Косанов, з.ғ.д., Бусурманов, з.ғ.к., доцент Г.Б.Ахмеджанова, з.ғ.к., доцент С.Т. Иксатова, з.ғ.к, А.С.Бахралинов, з.ғ.к., доцент Б.Х. Олжабаев, з.ғ.к., Б.Қ. Нұрғазинов, з.ғ.к., Е.Б.Смагулов, з.ғ.к., С.К.Бастемиев, с.ғ.к. Т.Э. Воронова, доценттер Л.С. Дубовицкая және т.б.
Кафедраны заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмеджанова Гульнара Бисенгазизона жетекшілік етеді.
Павлодар мемлекеттік университетінде жоғары кәсіби білімі бар мамандарды дайындау оқытатын пәндер профиліне сәйкес келетін базалық білімі бар және жүйелі түрде ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметпен айналысатын ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі.
ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқықтану мамандығым таңдай отыра - Сіз тұрақты болашақты таңдайсыз!
ПМУ оқу барысында “Құқықтану” мамандығындағы студенттер жалпы әлеуметтік-гуманитарлық дайындықты келесі пәндер бойынша өтеді: философия, қазақ (орыс) тілі, мәдениеттану, Қазақстан тарихы, денешынықтыру, әлеуметтану, саясаттану, психология, педагогика, экономикалық теория, маркетинг және менеджмент негіздері.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ - ҒЫЛЫМИ - экология, тіршілік қауіпсіздік негіздері, информатика және есептеу техникасы, логика, статистика.
ЖАЛПЫ КӘСІБИ – мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, рим құқығы, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, ҚР конституциялық құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, ҚР азаматтық құқығы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы, отбасы құқығы, экологиялық құқық, қаржы құқығы, халықаралық жеке және халықаралық бұқаралық құқық және т.б.
АРНАЙЫ – криминалистика, прокурорлық қадағалау, қылмыснама, жедел іздестіру қызметінің негіздері, сот медицинасы және сот психиатриясы, криминалистикалық техника, шаруашылық істерді қарау тәртібі және т.б.
МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ДАЙЫНДАУДЫҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫ
Құқықтану саласында мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасында мамандарды дайындау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Білім беру екі тілде жүргізіледі.
Дәріс, практикалық, зертхана және семинар сабақтарын жүргізудің нысандары мен әдістері тұрақты түрде жетілдіріліп отырады. Студенттердің ғылыми жұмыстарға: жоғары оқу орны, халықаралық ұйымдар мен қорлар өткізетін семинарларда, конференцияларда, конкурстарға қатысуға мүмкіндіктері бар. Кафедрада мамандандырылған кабинеттер қызмет етеді – мемлекет және құқық тарихы мен теориясы, конституциялық құқық және сот отырысының оқу залы. Бұл кабинеттерде студенттердің алған теориялық білімдерін практика жүзінде бекітуге мүмкіндіктері бар.
Мемлекет және құқық тарихы ме теориясының студенттер интелектуалдық потенциялды жоғарлату, араторлық қабілеттілікті дамыту, талдау дағдысын дамыту үшін студенттердің ғылыми қоғамына, Дебат клубына белсенді түрде қатысады. Студентердің шетелдерде атап айтқанда: Германия, Англия, АҚШ, Туркия және т.б. мемлекеттерде оқуға мүмкіндіктері бар.
Кафедраның оқытушылары мен студенттер әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ, ҚазГУ, Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ және т.б. алдыңғы жоғары оқу орындарымен көп жылғы және нәтижелі байланысы бар. Оқу барысында біздің студенттер ішкі істер, прокуратура, адвакатура, сот органдары жүйесінде, заңгер кеңесшінің көмекшісі ретінде қала мен облыстың кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді.
Жоғары оқу орның бітіргенен кейін студенттер магистратурада және аспирантурада өз оқуларын жалғастыра алады.
БІЗДІҢ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫС ОРНЫ
- әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде заңгер кеңесші ретінде
- бизнес саласында заңгер ретінде
- прокуратура, сот, адвокатура, нотариат, әділет, салық және кеден қызметі органдарында, анықтау бөлімі, полиция мен басқа да құқық қорғау органдарының тергеу бөлімдерінде.
Бізге келесідей түсуге болады:
- орта жалпы білім беру мектептерінің түлектері БҰТ немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша. Оқу мерзімі: күндізгі оқу турі – 4 жыл.
- осы бағыт бойынша білімі бар, орта кәсіби оқу орындарының (колледж) түлектеріне. Оқу мерзімі: күндізгі, сырттай оқу турі –3 жылдан кем емес.
- жоғары оқу орын түлектеріне – 3 жылдан кем емес.
Мемлекеттік білім беру гранты немесе шарттық негізде білім беру оқу үшін жеңілдіктер жүйесі көзделген.
МАМАНДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Осы мамандықты талапкері – бұл құқықтану саласында кәсіби қызметке дайындалған маман.
Оқу барысында студенттер негізгі құқықтық пәндер бойынша терең функционалды дайындықты меңгереді және жаңа заңнаманы игереді.
5B030100 «Құқықтану» мамандығын толық оқып бітірген бітіруші келесі дағдыларға ие болады:
- Қоғамның мемлекеттік құқықтық құрылымын біледі, мемлекеттік басқару, сот жүйесі, прокуратура органдары, адвакатура органдары жүйесінің буындарын және олардың құзыреттері мен өкілеттіктерін айыра білед.
- Еңбек заңнамасын және әлеуметтік қамтамасыз ету сұқрақтарын еркін айыра біледі. Әр түрлі дауларды шешу дағдысын меңгереді.
- Қылмыстық құқықтық заңнама, криминалистикалық техника және тактиканы біледі, қылмыстық және азаматтық заңнаманы қолдану дағдысын меңгереді.
БІЛІКТІЛІК
5B030100 “Құқықтану” мамандығы бойынша толық курсты өткеннен кейін түлектерге құқықтану бакалавры академиялық дәрежелі беріледі.
Біз С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде күтеміз!
Біздің мекен-жайымыз: Павлодар қ., Ломова к., 64-үй
Мемлекет және құқық тарихы мен теориясының кафедрасы
тел. (8-7182) 67-36-77, № 417 кабинет
Қосымша ақпарат үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласыңыз:
Павлодар қ., Ломов к., 64, №132а кабинет
Қабылдау комиссиясы: тел. 67-37-73
Дайындық курстары: тел. 67-36-50
|
Certified
by Russian Register |