СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ФАКУЛЬТЕТІ


ӨНЕРКӘСІПТІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС КАФЕДРАСЫ

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы төменде аталған бакалавриат мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлайды:

5B072900 - Құрылыс

Құрылыс бакалавры академиялық атағын алады.

Мамандандыру:

- Ғимараттар мен үймереттер есептеу мен жобалау;

- Өңдірістік және азаматық құрылыстың технологиясы.

Оқу мерзімі:

Бізге түсуге болады:

- ҰБТнемесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жалпы орта білім беретін мектеп түлектеріне.

Оқыту мерзімі: күндізгі - 4 жыл

- орта кәсіби оқу орнын (колледждер) бітірген түлектерге, сол бағыт бойынша мамандығы болса.

Оқыту мерзімі: күндізгі, сырттай 3 жылдан кем емес.

Оқыту тілі:

- мемлекеттік тіл;

- орыс тілі.

Қабылдау шарттары

Бірінғай ұлттық тестілеуде немесе кешенді тестілеуде келесі пәндерді тапсырған талапкерлер 5B072900 Құрылыс мамандығы бойынша мемлекеттік грант, сонымен қатар келісім шарт негізінде оқуға құқылы:

- математика;

- Қазақстан тарихы;

- қазақ (орыс) тілі;

- физика.

5B072900 – Құрылыс мамандығы бакалаврдың квалификациялық мінездемесі.

Мамандық қызметінің пәндері:

- Құрылыстық – монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, ғиммараттар мен техникалық жабдықтарды эксплуатациялау бойынша жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру, мамандардың жетекшелігімен ғылыми – зерттеу ұйымдарында жұмыс жүргізу.

Мамандық қызметтерінің түрлері

Өндірістік – ұйымдастырушылық қызметі:

- Коллективті басқару, тұрғызу бойынша құрылыстық – монтаждық жұмыстарды атқаратын, ғимараттар мен үймереттерді, құрылыс индустрия кәсіпорындарын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды реконструкциялау.

Жобалық-конструкторлық қызметі:

- Жобалық – сметалық құжаттарды, құрылыс бойынша құрылымдық жұмыстарды және ғиммараттар мен ұймереттер реконструкциясы, сондай-ақ инженерлік жүйелер бойынша жұмыстарды атқару.

Ұйымдастыру-технологиялық қызметі:

- Құрылыстық, муниципалдық ұйымдар мен кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыру.

Ғылыми – педагогикалық қызметі:

- Ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда қатысу және ғылыми – педагогикалық қызметін жалпы білім беру ұйымдарында жүргізу.

Мамандық қызметінің функциялары

Құрылысты орындау мен дайындау үрдістерін , сондай-ақ жобалау – іздену жұмыстарын ұйымдастыру мен басқару.

Мамандық қызметінің мазмұны

Ғимараттар мен ұймереттердің элементтерін есептеу, техникалық шешімдерді қабылдау, экология және өмір қауыпсіздігінің талаптарын ескере отырып техникалық ғимараттардың құрылысы мен реконструкциясын жасау, құрылыс – монтаждық жұмыстарды орындау.

Қосымша мүмкіншіліктері

- кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;

- таңдаған мамандық бойынша шетелде оқуды жалғастыру (шетел тілін білген жағдайда);

- автоматизацияланған жобалау жүйесі AutoCAD, дизайн және архитектуралық-құрылыс жобалау жүйесі ArchiCAD жүйелермен мен бағдарламаларымен жұмыс істеу;

- осы заманғы жобалау және есептеу үшін қолданылатын SCAD жүйесімен жұмыс істеу;

- осы заманғы жобалау сметалалық құжаттарды есептеу үшін қолданылатын SANA жүйесімен жұмыс істеу;

- мамандық практика кезінде құрылыс жұмысшы мамандықтарын игеру: сылақшы-сырлаушы, дәнекерлеуші-монтажшы, тасшы-бетоншы, балташы және т.б. құрылыс мамандықтарын меңгеріп квалификация беру.

Білімді жалғастыру мүмкіншілігі

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы

- бакалавр дипломын алған тұлғалар білімін жалғастырып академиялық «құрылыс магистрі» дәрежесін алуға мүмкіндігі бар.

- магистратурада оқуын аяқтаған соң таңдаған мамандық бойынша докторантурада оқуды жалғастыру.

Мамандарды дайындайтын жоғары білікті оқытушылар, көп жылғы ғылыми-педагогикалық тәжірибелі техника ғылымдарының докторлары, профессорлары: С.К. Елмұратов, М.К.Кудерин, В.Н Украинец., техника ғылымдарының кандидаттары, профессорлар: М.А.Шинтеміров, Г.С. Фахрутдинов, А.Ф. Елмұратова техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер: Н.Ж. Әкімханов, Ж.М. Омаров, А.К. Құрманов,  доцент З.Н.Дахно,  құрылыс магистрлері, аға оқытушылар: Г.Т. Тлеуленова, Г.К. Тәңірбергенова, аға оқытушы Ю.Е. Езерницкая; ассистенттер, құрылыс магистрлері: Сапенова Д.К., Ибатова С.С. және тағы басқалар.

Кафедраны меңгеретін техника ғылымдарының докторы, профессор С.Қ.Елмұратов.

2001 жылдан  бастап кафедрада 6М072900 – Құрылыс мамандығы бойынша  магистратура ашылды, құрылыс құрылыс магистрі – академиялық дәреже тағайындалады.

Кафедрасының студенттері  компьютерлік сыныптарында (В-309, В-409, Б1-307, Б1-134) білім алады. Осы сыныптарда студенттер келесі жұмыстардың дағдыларын игереді:

  • осы күндегі операциялық жүйелерімен (Windows 98/2000/XP);
  • құрылысқа қолданылатын әр форматта және өте күрделі чертеждарды жасауға ыңғайлы  AutoCAD және Autodesk Architectural Desktop 3 автоматтандырылған жобалаудың жүйелерімен;
  • осы күндегі жобалау және есептеу үшін қолданылатын SCAD  жүйесімен;
  • жобалалынған ғимараттың виртуалдық үш жақтан өлшемді модельді құруға ыңғайлы ArchiCAD дизайн мен сәулет-құрылыс жобалаудың жүйесімен;
  • инженерлік есептерін жасауға ыңғайлы MatCAD, Matlad қолданылатын программаларымен;
  • осы күндегі жобалау сметалалық құжаттарды есептеу үшін қолданылатын   SANA жүйесімен.

Біздің университеттің сапа менеджментінің жүйесі ИСО 9001-2000 халықаралық стандартқа сәйкес келеді, бұл 2006ж. 23 қаңтарында біздің аймақта бірінші рет берілген IQNet №:06.022.026 сертификатымен бекітілген.

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы

Құрылыс конструкцияларын, материалдар кедергісін өткізуге арналған тәжірибелік сабақтарды қазіргі заманғы оқыту зертханалармен және кабинеттермен жабдықталған:

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

1. Өнеркәсіп саласындағы құрылыс материалдарын өндіруінен қалдықтар мен өнімдерді утилизациялау;

2. Жұқақабырғалы конструкцияларды динамикалық жүктеуінің есептеудің жаңа әдістерін жасау;

3. Ғимараттар және үймереттердің жер асты құрал-жабдықтаудың әдістемелі изоляциясы бойынша технологиялық және ұйымдастыру құжаттарды жасау.

Біздің мекен-жайымыз:

СҚФ деканаты

Павлодар қ., Административный городок 19, С. Торайғыров атындағы ПМУ, В корпусы, каб. 201 тел: 33-43-36

Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс кафедрасы

Павлодар қ., Административный городок 19, С. Торайғыров атындағы ПМУ, В корпусы, каб. 302, 303.

тел: 33-43-38 (805)

Қабылдау комиссиясы:

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, каб. 132а, тел: 67-37-73

Дайындық курстары:

Павлодар қ., Ак. Шокин көш., 139, 202 каб., тел: 67-36-50

 

 

Certified
by Russian Register