Сәулет-құрылыс факультеті
«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы
Мамандық – 5B012000 «Кәсіби оқыту»
Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауды профессорлар, техника ғылымдарының кандидаттары В.И. Данилов, П.В. Корниенко, В.А. Козионов, доценттер, техника ғылымдарының кандидаттары В.Т. Станевич, В.Г. Никифорова, Б.Ч. Кудрышова, доценттер М.Э. Данилова, Т.Қ. Шахаев, Қ.Қ. Қасқырбаев, аға оқытушылар Л.А. Варламова, Ж.Қ. Орынтаев, Қ.С. Баймульдинова, О.Қ. Қалиева, Л.Т. Қабдырова және басқалар жүргізеді.
Сабақтар ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен электронды таратушылардағы әдебиеттерді қолданып, қазіргі заманғы материалдық және оқу-әдістемелік базада, кафедраның зертханаларында, арнайы пәндердің кабинеттерінде және Павлодар облысы білім департаментінің оқу орындарындағы кафедраның филиалдары базасында жүргізіледі.
Кафедра меңгерушісі ПМУ-дің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Сақанов Қуандық Темірұлы.
Маманның қызметтік саласы:
- оқу-тәрбе мекемелерінде және кәсіптік білім оқу орындарында психологтық-педагогтық қызмет;
- ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау ұйымдарының бастауыш, орта және қосымша кәсіптік білім ұйымдарында және өндірісте кәсіптік қызметтің техникалық, технологиялық, экономикалық саласы;
- мамандануына сәйкес қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясында өндірісте және білім саласында ғылыми зерттеу қызметі;
- алған кәсіби оқытудың бакалавры біліктілігіне сәйкес мәдени-ағартушылық, басқарушылық және жоспарлы қызметтер.
Кәсіптік қызметтің объектілері:
Білім процесімен байланысқан келесі ұйымдарда педагогтық процестің толықтығын жасайтын құралдар мен салалар:
- жалпы білім мектептері, лицейлер, гимназиялар;
- оқу-өндірістік комбинаттары, оқу-курстық желілер, халықтың жұмыс бастылық қызметі мамандарын және жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау орталықтары;
- кәсіптік-техникалық мектептер, лицейлер;
- орта арнайы оқу орындары, колледждер;
- конструкторлық бюролар;
- зауыттық зертханалар;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- конструкторлық және жобалау ұйымдары.
Кәсіби қызметтің түрлері:
- білім берушілік (оқу-тәрбиелік, педагогикалық);
- ұйымдастырушылық–технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жобалаушылық;
- ғылыми-зерттеушілік.
Бізге түсуге болады:
* ағымдағы жылда жалпы орта білім ұйымдарынның түлектері, ҰБТ нәтижесі бойынша;
* КТА-ға қатысушылар, тестілеу нәтижесі бойынша минималды деңгейде балл алғандар.
Оқу мерзімі:
- жалпы орта білім негізінде – 4 жыл (күндізгі);
- орта кәсіби білім негізінде – ең кемі 3 жыл (күндіз,сырттай);
Жоғары кәсіби білім негізінде – ең кемі 3 жыл (сырттай) (базалық біліміне байланысты).
Оқу. Күндізгі және сырттай ЖОБ негізінде: мемлекеттік оқу гранты негізінде немесе келісім негізінде ақылы түрімен. Ақылы түрінде оқитын студенттерге арнайы жеңілдіктер түрі қарастырылған.Сөйлесіп келісу түрі -ОКБ және ЖКБ негізінде түсетіндерге.
Мамандандырулар:
Кәсіпкерлік және еңбек технологиясы, біліктілігі – жалпы техникалық пәндердің оқытушысы;
Өнеркәсіп өндірісі, құрылыс және тамақ өнімдерін өндіру және басқалар салалары бойынша, біліктілігі – кәсіби оқыту педагогі;
Ауылшаруашылық өндірісі, салалары бойынша, біліктілігі - кәсіби оқыту педагогі;
Қызмет көрсету өндірісі, біліктілігі - кәсіби оқыту педагогі.
Мектеп, колледж түлектерін, әскерлік міндетін атқарып запасқа шығарылған азаматтарды
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасындағы
мамандыққа 5B012000 «Кәсіби оқыту» түсуге
ШАҚЫРАМЫЗ
______________________________________________________________________________________________
140008 Қазақстан Республикасы,
Павлодар қ., Ломов көш., 64 үй. С.Торайғыров атындағы ПМУ
Қабылдау комиссиясы: Павлодар қ. Ломов көш. 64 үй, 132а аудиториясы. (8-7182) 67-37-73
Дайындық курстары: (8-7182) 67-36-50
«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы:
(8-7182) 67-36-23 (ішкі 12-06),
(8-7182) 67-36-34 (ішкі 12-18)
|
Certified
by Russian Register
|