«Foundation» бағдарламасы бойынша оқыту

«Foundation»  бағдарламасы бойынша оқыту

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Foundation» факультетіне білім алушыларды қабылдауды жүзеге асырады.

«Foundation» факультетінде оқу үшін орта білімі, арнаулы білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар барлық тұлғалар қабылданады. 

Оқуға түсушілерде дәлелденген құжатқа сәйкес үлгідегі білімі болу керек.

 

«FOUNDATION»  ФАКУЛЬТЕТІНДЕ ОҚУ – БҰЛ:

• 1 курста өтетін ЖОО  пәндері оқытылады, кейін бұл пәндер есепке алынады;

• шет тілі бойынша тереңдетілген көп тілдік дайындық: 

- шет тілді оқыту тобына қабылдауды;

- академиялық ұтқырлықты;

- халықаралық бағдарламаларға қатысуды;

- байланыс еркіндігін қамтамасыз етеді.

• кешенді тестілеу пәндері бойынша (қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және таңдау пәні бойынша) мақсатты дайындық жүргізіледі.

Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсының қорытындысы бойынша «Foundation» факультетінің білім алушылары кешенді тестілеуге қатысқаннан кейін таңдаған мамандық бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ 1 курсына қабылданады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-ге түскен «Foundation» факультетінің түлектеріне икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған: «Foundation» факультетінің түлектеріне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің гранты негізінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне түскен жағдайда «Foundation» факультетінде оқығандары үшін төленген оқу ақысының 50% көлемінде жартылай ақша қаражатын қайтару.

 «Foundation» факультетінің түлектеріне  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне толық өтемақы шартымен оқуға түскен жағдайда 1-курстың 1-семестріне университеттегі оқу ақысынан 30% көлемінде жеңілдік жасау.

 

Оқу ақысы:

Жылына - 90 000 теңге

 

Оқуға түсу мерзімі:

Өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

 

Біздің мекенжайымыз: 

Павлодар қ., Ак. Шөкин к-сі, 139

(С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Б» корпусы)

 

№ 202 каб., тел. 67-36-50 

ҰБТ арналған кешкі дайындық курстары

Дайындық курстары

 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде ҰБТ тестілеу пәндері бойынша дайындық курстары жұмыс жасайды.

Дайындық курстарында оқу ақылы түрде өтеді. Төлем құны пәндердің саны мен оқу мерзіміне байланысты.

ҰБТ-ға дайындық төлем ақысы: 1 айға 2100 теңге

1,2,3 немесе 5 пәнге жазылуға болады. Төлем ақы толық оқу кезеңіне жасалады.

Оқу дәріс-тәжірибе түрінде өтеді. Талапкерлерді дайындауда үлкен тәжірибесі бар оқытушылар мемлекеттік және орыс тілінде білім береді. 

 

Тыңдаушылардың білімдерін тексеру үшін жүйелі түрде сынама тестілеу жүргізіледі.

 

Сабақтардың өту уақыты: 

Сағат 16.30-дан 18-50-ге дейін  (3 мектеп сабағы) – әр пән бойынша аптасына 1 рет айына 12 сағат.

Жыл сайын біздің тыңдаушылардың 90% мемлекеттік білім беру грантына ие болады. 

 

Әр айдың 10-ы күні сағат 17.00-де дайындық курсына тыңдаушылар жинау үшін ұйымдастырылған жиналыс жүргізіледі және әртүрлі мерзіммен оқитын топтар қалыптасады.

 

Дайындық курстарына жазылу немесе толық ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болады:

Павлодар қ., Ак. Шөкин к-сі, 139

(С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Б» корпусы)

№ 202 каб., тел. 67-36-50

 

Маңызды мерзімдер

Қабылдау комиссиясы жұмысының 

басталуы –  20- маусым 

Шығармашылық мамандықтарға өтініш 

қабылдау – 20- маусымнан бастап 1- шілдеге дейін

Шығармашылық емтихан – 2-7 шілде аралығында

 

Мемлекеттік гранттарды иеленуге өтініш қабылдау –  23-31 шілде аралығында

 

ҰБТ арналған қашықтан дайындық курстары

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Сіздерді  ҰБТ-ға қашықтықтан дайындау курстарына шақырады (колледж түлектеріне кешенді тестілеуге).

Ол үшін Павлодар қаласына келудің қажеті жоқ. Қашықтықтан дайындау курстарына тіркелу толықтай он-лайн түрінде жүргізіледі.  

1) Сізге psu.kz ресми парақшасына кіру қажет. 

2) Талапкерге ¬¬-> он-лайн тіркелу қосымша парағын таңдау. Тіркелу тегін, тек шағын сауалнама толтыру қажет.

3) Тіркелгеннен кейін жалпы парақша ашылады. Сол жерде Павлодар мемлекеттік университетінің мамандықтары туралы, нақты мамандыққа түсу үшін қандай пәндер керектігі жайлы, 2015 жылдың өту ұпайлары туралы және т.б ақпараттар бар. 

4) Сіз осы жерде кез келген пәннен байқау тестін тапсыра аласыз.  

5) Осы парақшадан біздің он-лайн сабақтарға шақыру, төлемақы туралы ақпарат (1 пәнге айына 1800 теңге) алуға болады

6) Келісімшарттың электронды нұсқасын толтырыңыз және келесі батырмаларды басыңыз: келісімшарт талаптарымен келісемін ->жіберу. 

7) Ақы төлеу түрі: қаржыны шотқа аудару, шот нөмірі және банк деректемелері анық көрсетіледі. Төлемақыны Халық банкіне немесе Евразиялық банкке төлеуге болады. Сондай-ақ, біздің университетіміздің мекенжайына пошталық аударма жасауға болады: Павлодар қ., Ломов к.,64, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қашықтықтан дайындау курстары (Ресейде өмір сүретіндерге-рубльдік шот) 

8) Төлем жасалғаннан кейін пәндер бойынша бейнеклиптер, тесттерге және он-лайн сабақтарды көруге толық көлемде мүмкіндік пайда болады.

Бейнеклиптер  мен тесттерді ыңғайлы уақытта бірнеше рет қайтара көруге болады. Он-лайн сабақтар аптасына  бір рет болады, оның сабақ кестесін көре аласыз. Он-лайн сабақтарда оқытушымен байланыс жасауға, чатта мұғалімге сұрақ қоюға болады. Сонымен қатар, қиын тақырыптарды бірге талқылауға, қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес алуға мүмкіндік бар.

Шетел азаматтарын жоғары оқу орнына ақылы түрде қабылдау әңгімелесу арқылы жүзеге асады. Шетел азаматтары үшін тегін білім алу (БҒМ гранты)  конкурс негізінде болады.

Егер сіздерде сұрақтар туындайтын болса «Foundation» факультетінің блогына кіріп жазып жіберулеріңізге болады. Сіздерге уақытында жауап қайтаруға тырысамыз! 

Құрметті түлектер, сіздерді қашықтықтан дайындау курсына шақырамыз!

 

Біздің мекенжайымыз: 

Павлодар қ., Ак. Шөкин к., 139,

202, 301, 305а-кабинеттер

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машина жасау факультетінің ғимараты    

Телефон: 8(718)2-67-36-50

Шетелдік қазақ диаспорасы, оралмандар және шетел азаматтары үшін даярлық бөлімі

Даярлық бөлім

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Foundation» факультетінде 2014 жылынан бастап шетелдік қазақ диаспорасы, оралмандар және шетел азаматтары үшін даярлық бөлімі ашылды.

Дайындық бөлімінің мақсаты - шетелдік қазақ диаспоралары, оралмандар мен шетелдік азаматтардың бейімделуіне жағдай тудырып, алдағы уақытта елімізде білім алуына жол ашу болып табылады.

 

Бөлімде білім беру гранты негізінде, сондай-ақ ақылы түрде мемлекеттік  және орыс тілдерінде күндізгі формасында оқу жүзеге асады.

 

Дайындық бөлімінде сабақ әр оқу жылының 1 қазанынан басталады.

 

Оқу уақыты - 9 ай. (01.10 – 01.07)

 

Бөлім тыңдаушылары жатақханамен  (тегін) қамтамасыз етілген, білім грантында оқитындары  ай сайын стипендия алады. Тестілеу нәтижесі бойынша оқу жылының соңында Қазақстанның жоғары оқуорындарында білім беру гранты негізінде оқи алады.

 

Дайындық бөлімінде оқытылатын міндетті пәндер:

- Қазақ тілі;

- Қазақстан тарихы;

-  Математика;

- Таңдау пәні (тыңдаушының таңдауы бойынша).

Қосымша пәндер:

-  Қазақ тілі;

- Орыс тілі;

- Ағылшын тілі;

- Акмеология

 

Даярлық бөліміне  қабылдау шарттары

Даярлық бөлімге:

- мектеп түлектері,

- колледж түлектері..

 

Шетелдік қазақ диаспорасы, оралмандар және шетел азаматтары үшін мемлекеттік тапсырыс – білім беру гранты негізінде даярлық бөліміне оқу мүмкіндігі берілген. Грантты алу үшін екі пән бойынша кешенді тестілеу тапсырады: математика және оқу тілі: қазақ немесе орыс тілі. Мемлекеттік және орыс тілін білмейтін шетелдіктер кешенді тестілеуді ағылшын тілінде тапсырады.

Ақылы түрде оқығысы келетіндер емтихансыз қабылданады.

 

ҚР азаматтары оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

• Еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш; 

• Орта (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;

• Жеке басын куәландыратын құжаттың немесе паспорттың көшірмесі;

• 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет; 

• 086-У медициналық анықтама

ЖОО-лардың дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

• Еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

• Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерімен куәландырылған) аудармасы;

• Білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі+түпнұсқасы;

• 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

• 086-У нысанындағы медициналық анықтама (нарко-, психдиспансер мөрімен), флюорография, RW-ға қан тапсыру (түпнұсқасы), екпе картасының көшірмесі аудармасы 

 

Дарялық бөліміне жазылу немесе толық ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайға хабарласуға болады:

Павлодар қ., Ак. Шөкин к-сі, 139

(С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Б» корпусы)

№ 202 каб., тел. 8 (718 2) 67-36-50

Ұялы тел.: 8 705 547 34 88

 8 707 547 34 88 

Бейінді сыныптар

Бейінді сыныптар

Бейінді сыныптар жалпы орта мектеп пен университет арасында 2 жылдық оқу мерзімімен келісімшарт негізінде құрылады. Ары қарай оқу үшін  мамандықты таңдау білім алушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын есепке алып, мектеп біз ұсынған мамандықтар тізімінен таңдайды. Бейінді сыныптардың білім алушыларының оқыту мерзіміндеҰБТ-ға тапсыруға қажетті пәндер бойынша тереңдетілген дайындық және біліктілік берілген бір жұмыс мамандығы бойынша бейінді дайындық алады:

- автослесарь;

- инженерлік графиканың операторы; 

- сызушы;

- ағылшын тілін меңгерген хатшы-референт;

- химик-зертханашы;

- бағдарламашы;

- азықты даярлаудың технологы.

2 жылдық оқудың нәтижесі бойынша және бітіру біліктілік емтихандарын табысты тапсырған соң сәйкесінше біліктілігі иеленгені туралы куәлік беріледі. 

 

Біздің мекенжайымыз: 

Павлодар қ., Ак. Шөкин к., 139,

202, 301, 305а-кабинеттер

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унтверситетінің «Б» ғимараты.   

Телефон: 8(718)2-67-36-50

 

конец