Торайғыров университетінің инженерия факультетінде «Көлік, көліктік техника және технологиялар» бағыты бойынша диссертациялық кеңес ашылды.

 

 

Оқу орнында барлығы докторантураның 13 мамандығы мен төрт диссертациялық кеңес бар: педагогика және психология, биология, энергетика, көлік, көліктік техника және технологиялар.

PhD докторларын даярлау бағытында аударма ісі, филология, экономика, металл өңдеу, металлургиялық инженерия және биотехнология бар. Алдағы уақытта ізденушілер заңтану және құрылыс мамандықтары бойынша да білім ала алады.