«Қазақстан Алюминийі» - Торайғыров университетінің сенімді серіктесі.

 

ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ - СЕРІКТЕСТЕР

 

Жуырда университеттің делегациясы кәсіпорында болды. Қос тарап түлектерді металлургия, машина жасау, автоматизация, жылу энергетикасы, электр энергетикасы, экология және өмір сүру қауіпсіздігі бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады.

 «Алюминий саласына инженерлік-техникалық кадрларды даярлау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Бүгінде техникалық сала үшін мамандарға сұраныс жоғары. Ол үшін оқушыларды бағыттау жұмыстарын күшейту керек.  Біз студенттерді университеттегі алғашқы жылдары-ақ кәсіпорындарға кәсіби бейімдеуді енгізуді жоспарлаудамыз. Зауыт және әлеуметтік серіктестік жүйесі студент таңдаған мамандық бойынша жақсы жағдай жасап, дағдылардың бекітілуіне мүмкіндік тудыруда», – дейді академиялық мәселелер жөніндегі проректор Пётр Быков.

Экскурсия барысында декандар, кафедра меңгерушілері мен жетекші профессорлар кәсіпорында енгізіліп жатқан жаңа технологиялық шешімдермен танысты.