Торайғыров университетінде 3D бойынша ашық онлайн мектеп іске қосылып, киберспорт бойынша команда жасақталады.

Жуырда жоғары оқу орны студенттік киберспорт бойынша ұлттық қауымдастықтың мүшесі атанды. Енді жастар ұлттық біріншіліктің екінші маусымына дайындалуда.

Айта кетейік, жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды.

«Бұл кезеңде PubgMobile, Dota 2, Mobile Legends, CS2 және басқа пәндер бойынша студенттер арасында турнир өткізуге дайындық жүргізілуде. Қазіргі таңда 3D--модельдеуді мектеп кезінен үйренген жөн. Бұл бағыт жоғары сұранысқа ие және бұл салада маман тапшылығы бар», - дейді IT HUB  директоры Дария Абыкенова.

3D графикасын оқыту кезінде жастар Blender-ді меңгереді, модельдеу, скульптинг, анимация, симуляция, рендеринг және дыбысы бар монтаж, өңдеуден кейінгі жұмыс бойынша күштерін сынайды. Сонымен қатар, 3D-анимация құру бойынша қабілеттерін көрсетеді.

Орындар саны шектеулі.

Тіркелу:

https://airtable.com/shr10kWxJObR1TZVZ

https://t.me/ToUESport