Торайғыров университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассемблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған "Тәуелсіз Қазақстан тарих ағынында" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны онлайн режимде өткізді.

 

 

 

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, ғылыми-сарапшылық қауымдастық, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, магистранттар, Ресей, Қазақстан және Польшаның докторанттары қатысты.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Айзада Құрманова, саяси және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА кафедрасының құрметті төрағасы

Анатолий Башмаков сөз алды.

Пікірталас қорытындысы бойынша қатысушылар «Бірлік, единства, kz» алаңын жаңғыртып, этнокәсіпкерлік, медиация және этноволонтёрлік салаларында бұл тәжірибені енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, республиканың оқу орындарының білім беру үрдісіне «Казахстанская модель мира и созидания», «Қазақтану», «Служение обществу», «Этнополитические процессы в современном мире» курстарын енгізіп,

кафедралар қауымдастығының құрылымына этносаралық қарым-қатынастарды зерттеу бойынша зерттеу зертханасын құру ұсынылды.