Министрге шағын қатермен экотимарандар, пеногазоблок, сұйық сабын мен антисептик, СИП-панельдер өндірілетін он цех жұмыс істейтін «TOU АЭА»-ғы көрсетілді. Қонаққа оқу орнының қызметкерлері мен студенттері әзірлеген инновациялық жобалар таныстырылды.

     

  

                  

- Торайғыров университетіндегі инновациялық хаб ұнады. Серіктестік бойынша идеялар бар, - дейді Бағдат Мусин. - Біз түрлі экожүйелерді жасауға қаражат бөлеміз. Қазіргі уақытта Қарағанды облысымен бірлескен жұмыс атқарып, стартап идеяларды барлық облыстарда жүзеге асыру үшін қаржы бөлудеміз. Келер жылы бұл қаржыны Павлодар облысына да бағыттаймыз. Павлодарда цифрландыруды дамытуға болатын бағыттар көп. Павлодар әкімшілігінде бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Алдағы бір-бір жарым жылда жүзеге асса, алғашқы ақылды цифрлы қалаға айналуға болады.