Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Аскеровпен кездесуге «Әлеуметтік қызмет» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен магистранттар және Торайғыров университетінің оқытушылары қатысты.

 

Эмин Аскеров әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың нақты құралдары, қазақстандық жоғары оқу орындарының бұл бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті.

Enactus жобасының жастары әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқу турасында қызығушылық танытты.

Шара «АЭА TOU» индустриялық зонасында жалғасын тапты. Мұнда университеттің өндірістік цехтары орналасқан. Шағын катерлер, ЭКО-тримарандар, пеногазоблок, сұйық сабын, антисептиктер, СИП-панельдер өндіріледі. Бокстың бір бөлігі креативті жиһаз жасауға және темір бұйымдарын қоюға арналған.

Алдағы уақытта бокстардың бірінде Торайғыров университеті мен Green Tal эко-ойыншықтар жасау бойынша бірлескен әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақ.

Кәсіпорындарда Green Tal әлеуметтік жобалар шеңберінде 62 жұмыс орны құрылды, олардың 57-сі әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған жұмыс орны.

Эмин Аскеров бұл бағытты міндетті түрде дамыту қажет, себебі, әлеуметтік кәсіпкерлік нысандарында еңбек ететін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың алғысы - бизнестегі үздік нәтиже деген пікірде. Сонымен қатар, жұмыс берушілерді мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекпен қамтуға ынталандыру қажет.

 

Эмин Аскеров – Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, әлеуметтік кәсіпкер және Green Tal әлеуметтік шеберханасының жетекшісі, «Атамекен» ҰКП-ның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қосалқы комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жас сарапшылар клубының мүшесі.