«Шет тілдері» кафедрасының жас ғалымдары Самал Ерғалиева, Меруерт Уайханова, Айгүл Сахариева Альбина Анесованың жетекшілігімен гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер жүргізуге грант жеңіп алды.
  •  

Зерттеу тобаы алдағы үш жыл ішінде Кемерова қаласының ғалымдарымен бірге қазақстандық саяси дискурс материалы негізіндегі әлемнің ұлттық келбетінің құндылығын зерттемек.

Торайғыров университетінің сарапшылары мәселенің лингвомәдениеттанушылық және лингвоаксиологиялық мәселелерін қарастырып, қазақстандық виртуалды тілдік тұлғаны қайта құрады.

Бұл жобаны қолға алуға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мұрындық болды.

«Ұлттық адамгершілік-рухани жаңғыруы жаңа және дәстүрлі құндылықтардың байланыстырады және біздің ұлттық кодымыздың кілті болады. Ал бұл тұлға әлемінің ұлттық келбетін көрсетеді», - дейді А. Анесова.