ПМУ лингвистері қазақ тілінің латын графикасына өту бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырды. Мамандар Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған «Өрлеу» бліктілікті арттыру курстарына қатысты.

Еліміздің жоғары оқу орындарының 200-ден астам өкілі оқыту курстарының бірінші легіне қатысты. Қатысушылардың айтуынша, осы тектес шаралар кәсіби теоретикалық білімді молайтып, жаңа әліпбиді сеңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама құрамында латын әліпбиі мен қазақ жазбасының тарихы, фонотека ерекшеліктері, кірме сөздердің жазылуы, сонымен қатар, қазақ графикасы мен орфографикасын оқытудың әдістерін оқыту тақырыптары болды.