«JADO» сән үйінің негізін қалаушы Жадыра Сахиева ПМУ студенттерімен кездесу барысында табысты кәсіпкер болу, жеке істі ашу, би мен заң саласын ұштастырудың қыр-сыры туралы айтып берді.

Болашақ дизайнер 10 жасында еңбекке араласып, 13 жасында ата-анасына пәтер алып берген. Үлкен бизнеске қадам басқан сәтте демеушілер тарапынан қаржылық қолдауы болмаған. Ол мата сатып алып, бір түнде бірнеше киім үлгісін тіге бастаған.

Бүгінде Жадыра Сахиеваның төрт жоғары білімі бар. Оные жеке коллекциялары шет елдеріне таныс. Шебер бір айдың ішінде президентке шапан тігіп бере алады.

Студенттер сұрақ қойып, қонақпен емен-жарқын әңгіме құрды. Оларды қазақ қыздарын тәрбиелеу мәдениеті мен киім стильдері қызықтырды. Айта кетерлігі, ұлттық нақыш дизайнер ұсынған киімдердің ерекшелеп тұрады.

Жадыра Сахиева 25 киім үлгісін ұсынды. Олардың бірін университет музейінің қорына табыстады.