18 жыл, 220 ай, 1608018 сағат немесе 5788864800 секунд. Саида Исамадиева С. Торайғыров атындағы ПМУ академик С. Бейсембаев

атындағы ғылыми кітапханаға осыншама уақыт бойы жетекшілік етіп, тынымсыз еңбек етті. Осы мерзімде С. Исамадиева өзін дарынды педагог және жетекші ретінде таныта білді. Ерен еңбегі үшін «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Саида Ахметқызы - 80-нен астам ғылыми мақаланың авторы, ірі республикалық ғылыми конференциялардың ұйымдастырушысы. Еңбек жолында кітапхана ісін жаңғырту мен түрлендіруге, үздік тәжірибені енгізуге атсалысты. Сонымен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттырумен қатар, кітапхананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.