Баянауыл сұлулығы суретшілерді өздерінің жарқын түстерімен тағы да арбап алды.

Павлодар мен Алматыдан келген 20 қылқалам шебері үш күн бойы өздерінің үздік туындыларын жазды. Әр адамның өз стилі мен өз қолтаңбасы бар, бірақ қорытынды ой біреу ғана, ол – Баянауыл.

Суретшілердің шығармашылық атмосферасын қолдау үшін студенттік филармонияның солистері өнер көрсетті.

Жұмыстар облыстық көркемсурет мұражайында, сондай-ақ ПМУ-да басылып шығатын каталогтарда ұсынылатын болады.