С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне әскерилер келді. Болашақ офицерлер мен студенттерге сарбаз ботқасы ұсынылды.

Сонымен қатар, әскери кафедраның студенттері шеберліктерін ортаға салды. Келушілердің назарына әскери техника мен қару-жарақ та ұсынылды.

Әскери кафедраның бастығы Болат Токиннің айтуынша, ас әзірлеуге қарақұмықтың 10 келісі мен сиыр етінің 30 банкасі кеткен. КП-30 дала асханасының асынан 100-ден астам адам дәм татты.

Осылайша, әскери кафедрасы Павлодар горнизонының қолдауымен университет декандары бастаған #as_bolsyn_challenge челенджіне қатысты.