С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі Раушан Ахметқалиева "Мамандығы бойынша үздік" байқауының жеңімпазы атанды.

Үздік мамандарды іріктеу Албметьевка қаласындағы (Татарстан) "Татнефть" компаниясының өндірістік алаңында өтіп, мұнай өңдеу саласының үздіктерін таңдады.

Бүгінде Раушан Ахметқалиева - Павлодар мұнай-химия зауытының химиялық сараптама зертханашысы.

"Үздік маман" кәсіби шеберлік байқауының ақтық мәресінде бірінші орынға ие болған соң ол Татарстандағы байқауға жолдама алдф. Ақтық мәре "ҚазМұнайГаз" компаниямының деңгейінде өтті.

"Татнефть" компаниясы кадрларды даярлау Орталығының базасында қатысушылар теориялық білімді тексеру кезеңінен өтіп, кейін компаниясының Альметьевка және Бугульмадағы өндірістік алаңдарында байқаудың тәжірибелік бөліміне қатысты.

"Бұл байқауға " ҚазМұнайГаз" компаниясының Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Павлодардағы зауыттардың арасында өтті. Конкурс екі кезеңнен тұрады: тестілеу және дизель отынының ұышұылдығын анықтау сараптамасын өткізу", - дейді Раушан Ахметқалиева.

Нәтижелерді шығаруда зертханалық жұмыстардың техникасы, сараптаманы жүргізу жылдамдығы бағаланды.

«Татнефть" кәсіпорнының мамандары сарапшы болды. Байқау қорытындысы бойынша бірнеше категория бойынша жеңімпаздар анықталды.