С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Биотехнология» мамандығының студенттері ұлттық биотехнология орталығында өткен өндірістік тәжірибеден оралды (Нұр-Сұлтан қ.).

Жастар иммунохимия және иммунобиотехнология, биотехнология және өсімдіктер селекциясы, экологиялық биотехнология, сонымен қатар, молекулярлық биотехнология зертханаларының жұмысымен танысты.

Тәжірибе барысында студенттері заманауи әдістерді меңгерді. Адамның бактериялық патогендері ДНҚ реперациясы саласында зетттеулер жүргізіп, адам мен жануарлардың инфекциялық ауруларын диагностикалау үшін тест-жүйелерін әзірледі. Сонымен қатар, теректің микроклоналды көбеюі мен мұна-газдан ластанған аумақтарда биоремедиация жүргізді.