С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің көшпелі отырысы «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінде өтті.

Шараға жоғары оқу орнының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Жұмыс сапары барысында ректордың м.а. э.ғ.д. Мейрам Бегентаев пен Баянауыл ұлттық-табиғи паркінің директоры Сүйіндік Ахметжанов ынтымақтастық жөннідегі меморандумға қол қойды.

Негізгі күн тәрбібінен бөлек жиналғандар тақырыптық брейнштормингке қатысып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру, бизнес үрдістерді оңтайландыру туралы кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, психология және педагогика кафедрасының лекторлары командалық рухты қалыптастыру бойынша психологиялық тренингтер өткізді.

Кездесу С. Торайғыровтың музей кешенінде экскурсия, спорттық ойындар мен қайықпен серуендеуге ұласты.