С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Электр энергетикасы» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.

Қазақстанның 10 жоғары оқы орнына келген командалары бақтарын сынады.

Электр энергетикасы кафедрасының меңгерішісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Вадим Марковскийдің айтуынша, жарыс екі кезең бойынша өтті. Алғагқысы - қатысушы ЖОО базаларында, ал екінші кезеңі өткне жылғы олимпиада жеңімпазы болған университетте ұйымдастырылады.

Қатысушылар кәсіби дағдыларын ортаға салып, «Электр машиналары», «Электр желілері мен жүйелер», «Электрмен жабдықтау», «Электр станциялары және қосалқы станциялары» пәндері бойынша білімдерін саралады.

«Конкурстан тыс ПМУ студенттері де қатысып, жақсы көрсеткшітерге ие болды», - дейді В. Марковский.

Кездесу нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Зияткерлік жарыстың кубогы мен бірінші орынға Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері ие болды. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрамасы екінші орынға ие болды. Үшінші орынға Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жастары ие болды.

«Павлодар мемлекеттік университетіне алғыс айтамын. Олимпиадаға қатысқанымызға қуаныштымыз», - дейді жеңімпаздар.