С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Қыз Жібек» клубының белсенділері Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Қонақтарды қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ. к. Айман Зейнулина құттықтады. Ол өз сөзінде клубтың негізгі мақсаты – еліміздің бай тарихы мен қайталанбас мәдениетін әйелдерді тәрбиелеу арқылы сақтау және көбейту екенін атап өтті. Өйткені, әйелдер көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының құндылықтарының қамқоршылары болып қала отырып, дәстүрлерге және қазіргі заманның өмірлік ұстанымдарына құрметпен қарауда. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып, ән шырқады, «Қоржын білім» байқауында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білімдерін таластырды, сондай-ақ қонақтар үшін мерекелік шашу ұйымдастырды. Сонымен қатар, қыздар ерекше дефиле де көрсетті. Әрбір киім әйелдің өміріндегі белгілі бір кезеңге байланысты болады. Түрлі ұлттық киімдер әйелдердің жасы мен мәртебесіне байланысты киімнің қалай өзгергенін көрсетті.
Кроме того, девушки продемонстрировали необычное дефиле. Каждый наряд был связан с определенным периодом в жизни женщины. Национальные костюмы в красках передали, как менялась одежда в зависимости от статуса и возраста женщины.
«Қазіргі заманғы қыздар өткенді біліп, ғасырлық дәстүрлерге сүйеніп, оларды жалғастыруы тиіс деп есептеймін. Біздің «Қыз Жібек» клубы жастармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Мысалы, бізге тіл, дін, ұлттық киім, ас үй және т. б. қатысты кез-келген мәселе бойынша хабарласуға болады, – дейді клуб жетекшісі, агротехнологиялық факультет студенті Гүлжан Тлеукина.
Естеріңізге сала кетсек, ПМУ-дың «Қыз Жібек» клубы 2013 жылдан жұмыс жасап келеді.