2019 жылдың 26-27 ақпанында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына арналған XVIII-ші съезд өтті.
Ауқымды шараға Павлодар облысы атынан партияның облыстық конференциясында сайланған делегаттар қатысты. Олардың қатарында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен мекемелердің жетекшілері, азаматтық қоғам мен жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар, партияның белсенділері мен ардагерлері болды. Аймақтық делегацияны Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастады.
«Онжылдық перспективалары: ұлттың жаңа игілігі» атты съезд жұмысы барысында партияның 2030 жылға дейінгі дамуы, партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-ревизиясы кеңесінің жаңа құрамы сайланып, саяси ұйымның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, партиялық органдардың есептері бекітілді.
«Білім беру жүйесіндегі реформаларды да логикалық нәтижелерге жеткізу керек. Себебі, заманауи реалия жаңа дағдылар мен құзыреттілікке арналған оқытуды дамытуды талап етеді. Бұған дейін айтқанымыздай, әр аймақта 1 жоғары оқу орны және 10 заманауи колледж жұмыс істеу керек. Оқу орындары тиімділігінің басты критерийі - түлектерді еңбекпен қамту», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесіне сайлану - маңызды оқиға. Себебі, саяси кеңес - партияның жоғары органы. Оның құрамына еліміздің танымал азаматтары Асқар мамин, Дариға Назарбаева, Мәулен Әшімбаев, Гүлшара Әбдіқалықова, Артур Платонов, сондай-ақ, жерлестеріміз нариман Әбілшайықов, Айзада Құрманова және Вера Ким бар. Елбасы бізге жұмыс барысында жүзеге асырылуы тиіс маңызды және өзекті тапсырмалар берді. Бүгінде басым бағыттарға әлеуметтік сала, денсаулық сақтау және білім беру жатады. Мен аймағымыздың жетекші университетінің оқытушысы ретінде алдағы уақытта атқарылар жұмыстар ұшан-теңіз дегім келеді. Сонымен қатар, қара шаңырағымыздың түлегі ретінде студенттер, магистранттар мен докторанттарды белсенді болуға шақырамын. Сонды барлығы бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие маман боламыз», - дейді Чидунчи Ирина Юрьевна.
Анықтама үшін: Саяси кеңес партия съезінің шешімдерін орындау жөніндегі партия органдары қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді, партияның сайлау науқандарына қатысуына байланысты мәселелерді қарастырады, партияның атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді қарастырады және енгізеді, қалыптасқан қоғамдық қатынастар бойынша партия ұстанымын белгілейді, партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан партия Саяси кеңесі Бюросының мүшелерін сайлайды, партия съезін шақырады, олардың күн тәртібін әзірлейді, партияның ішкі пікірталастарын өткізу туралы шешімдер қабылдайды, олардың өткізілуін және қорытындылануын ұйымдастырады, партия съезінің айырықша құзыретіне жатпайтын партия қызметінің басқа да мәселелерін шешеді. •Партияның Саяси кеңесі өз құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді партияның Саяси кеңесі Бюросының қарауына беруге құқылы. Партия саяси кеңесінің құзыреттік мерзімі - 4 жыл.