Омбы облысындағы бірнеше жоғару оқу орнының жетекшілері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс сапарымен болды. Олардың қатарында Омбы мемлекеттік-техникалық университеті, М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті және П. Стлыпин атындағы аграрлық мемлекеттік университетінің өкілдері болды.

Жұмыс сапары барысында университет ректорының м.а, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов оқу орны бойынша экскурсия өткізді.

Меймандар стартап-академия, коворкинг-орталықта болып, агротехнологиялық факультеті зертханасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, олардың назарына А. Марғұлан атындағы ғылыми орталықтың археологиялық зерттеу жұмыстарының материалдары ұсынылды. .

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық көкжиегін кеңейту мәселесін талқылады.

Еске салсақ, С. Торайғыров атындағы ПМУ 15 жылдан астам уақыт бойы Омбы университеттерімен тығыз қарым-қатынаста. Оқу орындары арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, магистранттар мен докторанттар үшін тәжірибе ұйымдастыру, кәсіби тәжірибеден өту, халықаралық білім беру және ғылыми бағдарламаларға қатысу бойынша меморандумдарға қол қойылған.