Елбасы жас ұрпаққа әрдайым үлкен көңіл бөледі, Қазақстанның өркендеуі жастардың арқасында. Жастарды және отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығы болуға тиіс- деді Н.Ә.Назарбаев.

Біздің Президенттің пікірінше, қазіргі жастар саясатының басты міндеті жас ұрпақтың қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейту және жастар әлеуетін Қазақстанды дамытуға бағыттау, оның бәсекеге қабілеттілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау болуы тиіс. Біз Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналғанына абзал. Ғылымды, білімді көтеретін және артта қалмайтын креативті ұрпақ болатын ел жеңеді. Сондай-ақ, оқу орындарында дайындық сапасын арттыруды, әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамытуды және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді, жас ғалымдар үшін гранттық қаржыландыруды жыл сайын үш миллиард теңгеге арттыру қажеттігін тапсырды біздің Елбасы.

Сондықтан, жасампаз ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру және студенттердің ғылыми-ізденушілік жұмыстарына жетекшілік жасауға үлесімізді қосқанымыз маңызды!

Нұрсулу МҰСАБЕКОВА
тарих ғылымдарының кандидаты,
Құқықтану кафедрасының профессоры