С. Торайғыров атындағы ПМУ-де факультеттер арасында көңілділер мен тапқырлар байқауы өтті.

Салмақты әзілдер қоғамның өзекті мәселелерін арқау етті. Олардың тапқырлығы мен шығармашылығы жиналған қауымның көңілінен шықты. Әсіресе, энергетикалық факультетінің студенттері қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, бірінші орынға ие болды.

Екінші орын тұғырынан гуманитарлық-педагогикалық факультетінің намысын қөорғаған команда көрінді. Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің жастары үзді күштікті тәмамдады. Ал мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің құрамасы «Еі көңілді команда» аталымы бойынша марапатталды.