Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 21-қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Ұлы даланың көрнекті тұлғаларының бейнесін қайта жаңғыртуды ұсынды. «Бұл тарихи үдеріс бұқара халықтың санасында көбінесе дербес сипатта екені белгілі. Көптеген халықтар өз елдерінің ерекше елшілеріне айналған ұлы ата-бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, Тутанхамон, Конфуций, Александр Македонский, Шекспир, Гете, Пушкин, Джордж Вашингтон сияқты ежелгі дәуірлердің әлемге әйгілі тұлғаларын «өз мемлекеттері» үшін баға жетпес символ етіп көрсетіп, халықаралық аренада олардың алдыңғы орында болуына ықпал етеді. Оның ойынша, Ұлы дала да көрнекті қайраткерлердің бір үлкен шоғырын туғызды. Олардың ішінде Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай сияқты ұлы тұлғалар бар. Түркі әлемі ұзақ тарихи уақыт бойында әлемдік тарихтың, мәдениеттің және өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен, ықпал еткен қуатты мәдениет пен өркениет пайда болған және дамыған бірегей орын болды. Оның әсері мен ықпалы Еуразия континентінің орталық бөлігінде географиялық орналасқан Түркі әлемі Шығыс пен Батыстың екі ұлы мәдениеттерінің арасындағы байланыстырушы көпір болғандығы. Түркі әлемінің осы рөлін атай отырып, көптеген зерттеушілер, біздің ойымызша, кем дегенде, үш жағдайды қалт жіберіп жатыр, біріншіден, бұл мәдениеттердің түркі мәдениетіне сөзсіз әсері мен ықпалы, бұл осы мәдениеттерді меңгеруге және одан үйренуге әкелді, екіншіден, түркілердің өзінің де өз уақытында жеткілікті жоғары деңгейдегі мәдениеті мен өркениеті болған. Олардың мәдениеті көптеген ұлы ғалымдардың пікірінше, көрші өркениеттерді, соның ішінде Еуропалық өркениеттерді дамыту үшін бастапқы жағдайларды қамти отырып, көрші елдерге үлкен әсер етті, ықпал жасады.

Өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Мемлекет басшысы «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-білім беру паркін-энциклопедиясын құру туралы бастама жасайды.

Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру жолымен қазіргі әдебиетте, музыкада, театрда және бейнелеу өнерінде бұрынғы ұлы ойшылдар, ақындар мен билеушілердің бейнелерінің өзекті галереясын қалыптастыруға бастамашылық ету қажеттігін баса айтады.

Классикалық форматтардан басқа, мұнда сонымен қатар баламалы жастар өнерінің креативті потенциалын да іске қосу маңызды. Бұл жұмысқа тек отандық қана емес, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартуға болады. Үшіншіден, «Ұлы даланың көрнекті тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік сериясын құру және тарату жөніндегі қызметті жүйелендіру және жандандыру қажет», – деді Президент.

Нұрсұлтан Әбішұлының айтуынша, «бұл бағытта халықаралық көп бейінді ұжымдар құруға болады, онда қазақстандық ғалымдармен қатар шетелдік мамандар да жұмыс жасайтын болады. Нәтижесінде, біздің батырларымыздың өмірі мен қызметі туралы біздің елімізде де, шетелде де білетін болады»-, деп атап өтті Мемлекет басшысы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында.

Мақалада ұсынылған жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырылады. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың сан ғасырлық мұрасын сандық өркениет жағдайында түсінікті және сұранысқа ие, өзекті етуге мүмкіндік береді.

Мен мынаған сенемін: өз тарихын ұмытпаған, оны құрметтейтін, бағалайтын, мақтан ететін халықтың болашағы ұлы болмақ. Өткенге деген мақтаныш, бүгінгі күннің прагматикалық бағасы және болашаққа оң көзқарас – біздің еліміздің жетістігінің кепілі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Осылайша, Елбасының бастамалары бәсекеге қабілеттілікті одан әрі дамытуға, өскелең қоғамның ұлттық бірегейлігі мен патриотизмін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.

«Басқару және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.к., профессор И. А. Калиев