Неміс экономикасының халықаралық серіктестік жөніндегі SES (Германия) қорының аға сарапшысы, т.ғ.д. Гизела Элизабет Бартхольд С. Торайғыров ат. ПМУ колледжінің оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқиды.

Маман дәрістер барысында неміс кәсіпорындарының тәжірибесіндегі металл өңдеу, оның ішінде болат және құрыш өндірісі, сонымен қатар, металл құю, соғу, сығымдау және қайрау үрдістері жайында айтып береді. Сонымен қатар, неміс журналдарына ғылыми мақалалар жазу бойынша қойылатын талаптар туралы ақпарат берілмек.

Анықтама: SES (аға сарапшылар қызметі) – неміс экономикасының халықаралық серіктестік жөніндегі қоры. Ұйым зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға қоғам өміріне белсенді араласып, білімдерін таратуға мүмкіндік береді. Мамандар өз елінде немесе шет елдерінде еңбек ете алады.

Айта кетейік, Гизела Бартхольд ПМУ-ге жұмыс сапарымен төртінші рет келді. Сарапшы бұған дейін жоғары оқу орнының оқытушылары мен магистранттарына семинарлар өткізген.