С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «La vie Добро» еріктілер жасағы остеосаркомаға шалдыққан Әділ Биболға жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жәрмекесін өткізді. Әділ Мәскеудеегі емдеу мекемесінде химиотерапияның төрт курсын өткізу керек. Бір курстың бағасы – 4,5 млн. теңге.

Жәрмеңке барысында дәмді үй тәттілері, пайдалы ұсақ-түйек заттар мен тағы басқа заттар сатылды. Шараға қатысқандар лоторея ұтысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ұтыс барысында тоғыз демеуші сыйлықтарын ұсынды.

Қайырымдылық жәрмеңесінің қорытындысы бойынша жиналған қаражат Әділдің емделуіне тарту етілді.