С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері діни сауаттылық тақырыбы бойынша теолог-маманмен кездесті.

Шараны ПМУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті ұйымдастырды.

Жиын барысында Мәшһүр Жүсіп Көпеев Орталық мешітінің араб тілі және Құран түсінігі пәнінің аға оқытушысы Карлыгаш Талканбаева және ректордың университет режимі жөніндегі кеңесшісі Б. Әміренов жастар арасында діни радикализмге қарсы иммунитетін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатарында екенін айтты.

Сонымен қатар, сарапшылар жастар экстремистік ағым мен дәстүрлі діни ағымдарда ажырата білу керек екенін баса айтты.