С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары өткен жылдың желтоқсан айынан бері Павлодар облысындағы жылу энергетикасы және металлургиялық кәсіпорындарының қатты техногендік қалдықтарынан құрылыс материалдарын жасау жобасын жүзеге асыруда.

Ғалымдар қауымы «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде Бүкіләлемдік банк және ҚР Білім және ғылым министрлігінің грантына ие болған.

Бүгінгі таңда жоба авторлары «ЭкостройНИИ-ПВ» ЖШС-ін құрып, құрылыс материалдарын дайындау цехын ашты. Сонымен қатар, өнеркәсіптік технологиялық желіні іске қосып, өнімнің өнеркәсіптік үлгілерін алған.

Қазіргі кезде тротуарлы плитка, бордюр тасы мен қуысты кірпішті дайындау әдістерін патенттеу құжаттарын әзірлеп жатыр.

Жобаны жүзеге асыруға шетелдік ғалымдар қатысады. Бұл болашақта технологиялар мен өнім еліміздің өзге өңірлерге ттасымалдауға мүмкіндік бермек.

«Жобаны университет ғалымдарымен 10 жыл бойы жүзеге асырғымыз келді. Енді соған қол жеткіздік. Техникалық жоғары оқу орындары осы тектес жұмыстарды атқаруы керек», - дейді Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, т.ғ.д Владимир Ларичкин.

Жобаны іске асыруға Павлодар мемлекеттік университетінің магистранттары мен студенттері қатысты. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралық конференциялар мен экономикалық форумдардың ғылыми жинақтарында жарияланды.