С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнының бірінші курс студенттерін қабылдау шарасы өтті.

Сәнді киінген студенттер мен университеттің 14 ұйымының өкілдері Голливуд жұлдыздары іспеттес қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. бірінші курс студенттері «Mainstream» би тобының тұсаукесерін тамашалап, сиқыршылардың өнеріне тәнті болды.

Қатысушылар университет ректоры атынан Алғыс хаттармен марапатталып, сұлулық салоны, ойын клубтары, спорт залдарының сертификаттарымен табысталды.

Шараны ұйымдастыруға 30-ға жуық коммерциялық ұйым демеуші болды.