Германиядағы аға сарапшылар Қызметінің сарапшысы Детлев Швабе С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті агротехнологиялық факультетінің магистранттары мен оқытушылық-профессорлық құрамына біліктілікті арттыру курстары мен семинарларын өткізуде.

Д. Швабе биолтехнология кафедрасында биофармацевтика және биотехнологиялық ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша дәрістер курсын оқыды. Нақтырақ айтқанда, маман инсулин алу және биофармацевтикалық кәсіпорындарды жобалаудың ерекшеліктері туралы әңгіме қозғады.

Еске сала кетсек, шетелдік маманның іс-сапары С. Торайғыров атындағы ПМУ және «Senior Experten Service» неміс экономикасы қызметі арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылды. Маманның жұмыс сапары үстіміздегі жылғы 20 қыркйүектен 10 қазанға дейін жалғасатын болады.