С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті энергетика факультетінің студенттері қазақ күресі бойынша өткен облыстық жарыста жеңімпаз атанды.

Павлодарда балалар, жасөспірімдер мен жастар бақ сынаған «Жас барыс» турнирі осы жылдың 6-7 қазанында ұйымдастырылды. Балуандар белдескен бәскеде АжБ-101 тобының студенті Әмір Мухамедьяров 72 келі салмақ дәрежесінде алтын медальге ие болды. ЖЭ-101 тобының студенті Әділжан Жастілеков 81 келі салмаұқ дәрежесінде бірінші орын тұғырынан көрінсе, 64 келі салмақ дәрежесінде АжБ-101 тобының студенті Тәуекел Жұмағалиев қанжығасын қола жүлдемен майлады.

Спортшылардың ендігі мақсаты - қараша айында өтетін республикалық жарыста жеңімпаз атану.