С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен колледжінің 700-ден астам студенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын тікелей байланыста көрді.

Мемлекет басшысы Жолдауында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына баса назар аударып, болашаққа бағдарланған мақсат-міндеттерді айқындап берді.

Президент жоғары оқу орындарына жауапкершілік артылатынын алға тартты.

Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы", - деп жазылған Жолдауда.

Жоғары оқу орындарын ірілендіру мəселесі бөлек қаралды.

«Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Сонымен қатар. Назарбаев университетінің мысалы бойынша аймақтық ЖОО құрылатыны жайында айтылды.

Жолдауды халықтың табысын арттыру, əл-ауқатын жақсарту тетіктері қарастырылды.