С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде kielimeken.kz сайты мен «Павлодар облысының қасиетті жерлері» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған жоба облыстың киелі жерлерін таныстыру мен қасиетті жерлер туризмін дамытуға сеп болуды көздейді.

Мобильді жобаны университет «Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Кеңес Қабылбеков әзірледі.

«Рухани жаңғыру» институтының директоры, жоба жетекшісі, т.ғ.к. Ержан торайғыровтың айтуынша, Павлодар облысында шамамен 50 тарихи нысан бар. Олардың қатарына ежелгі, орта ғасыр және бүгінгі заманға тиесілі ескерткіштер, сонымен қатар, ақын-жазушылар, қоғам және саяси қайраткерлердің өміріне қатысты ескерткіштер жатады. Олардың басым бөлігі Баянауыл ауданында орналасқан.

Сайт пен мобильді қсымшаның материалдары жергілікті ғалымдардың зерттеулеріне орай үнемі жаңартылып отырады.