Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 160 жылдығына арналған "Мәшһүртанудың ғылыми негіздері - "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының екінші күні шетелдік қонақтар, құрметті ақсақалдар мен өзге қатысушылар Мәшһүр Жүсіптің кесенесінде болды. Ағартушы, ойшыл, ақының музейінде болған азаматтар игі тілектерін қалдырды, ал үндістандық ғалымдар тілектерін хинди әліпбиінде қалдырды.