С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Enactus командасы мұрындық болған «SocialFair» атты дәстүрлі шара бас оқу корпусынде ұйымдастырылды.

Шара барысында келген азаматтар студенттер әзірлеген үй тәттілерін сатып алып, дәм тату мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдарын сатып алып, қайырымды іс жасады.

Еске сала кетсек, жиналған қаражат Enactus командасының әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Самал» оңалту орталығының жобаларына жұмсалады.