Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатт ышаралар өтті.

Мерейтойы аясындағы шараларға үш мыңға жуық адам қатысты. Қазақ ақыны, ағартушы-декократтың туған жерінде өткен торқалы тойға аймақ басшысы Болат Бақауов, өңірдің қоғам өкілдері қатысты.

Жиналған қауым бой көтерген этноауылда ақындар айтысы, С. Торайғыровтың шығармашылығына арналған туындылар байқауын тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Сонымен қатар, ақынның шығармашылығы мен өмірі жайында сыр шертетін 2000-дай мақала мен жарияланбаған 100 мақала жинақталған «Сұлтанмахмұт» энциклопедиясының тұсауы кесілді.

Қазақстанның облыстары мен Ертіс өңірінің спортшыларының қатысуымен өткен дуатлон жарысы мерейтойлық шараның аөрігін қыздырды. 100-ден астам спортшы төрт жас ерекшелігі бойынша 5 шақырымдық жолды жүгіріп өтіп, 25 шақырымды велосипедтермен еңсерді.

Шара дәстүрлі әндердің гала-концертімен аяқталды.