С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова басшылық еткен делегация «Киелі мекен» экпедициясына қатысты.

Экпедицияның маршруттық картасына бірнеше нысан енді. Алғашқысы – Торайғыр ауылы. Делегаттар С.Торайғыровтың зиратында ат басын тіреп, музейлер, сақ қорғаны мен касиетті бұлақта болды.

Сапар барысында қатысушылар Сабындыкөл көліне де келді. Сонымен қатар, қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер, Абылайтас үңгірін аралап, Баянауыл ауылындағы Қ. Сәтбаевтің музейіндегі жәдігерлермен танысты. Экспедиция Жасыбай көлімен жалғасын тауып, Қоңыр Әулие үңігірінің ерекшеліктерімен танысуға ұласты.

Халық аузындағы аңызға сәйкес үңгірдің ішіндегі су көзін Қоңыр Әулие дүниежүзілік топан су кезінде ашқан. Кейін бұл үңгір әулиенің панасына айналған.

Сапардың соңғы нүктесіне Ескелді шатқалы мен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұражайы айналды.