С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті агротехнологиялық факультетінің студенттері Ұлттық биотехнология орталығының базасында (Астана қ.) тәжірибеден өтті.

Білім алушылар өсімдіктер селекциясы, гендік инженерия және тағы басқа мамандандырылған зертханаларда өткне сабақтарға қатысты.

Зертханалық зерттеулер барысында тәжірибеден өтушілер рекомбинантты ДНҚ құрылымын жасаудың заманауи әдістерін меңгерді.