С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылдың түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау шаралары бір апта бойы өтті.

Бакалавр және магистрлерді ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова құттықтады: 

«ПМУ көшбасшыларды қалыптастырумен айналысады, яғни кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын адамдарды тәрбиелейді. Университетте білім алған кез келген жас таным көкжиегін кеңейтіп, табысқа кеңелді. Өз алдына биік мақсаттар қойып, жете білді. Талай жеңістерге жетті», - дейді Гаухар Ғалымқызы.

Түлектерге дипломдарды декандар мен кафедра меңгерушілері табыстады. Облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Қайрат Әбдіханов салтанатты шараның қонағы атанды.

Түлектердің қуанышына ортақтасқан білім беруді интернационалдандыру жөніндегі проректор Рам Виранджан музыкалық сәлем жолдап, тосынсый жасады.

Айта кетейік, биылғы жылы университетті 1989 студент тәмамдады. Димплом алғандардың 1410 – ы бакалавр, ал 579-ы – магистрлер.