С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің эколог-студенттері жаңа оқу жылыдан бастап қос диплом алу мүмкіндігіне ие болмақ. Дипломдардың бірі Белорус мемлекеттік технологиялық университет тарапынан берілмек (Минск қ.).

Жаңа білім беру бағдарламасы ПМУ және БМТУ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі  меморандум аясында жүзеге асырылады.

Студенттер алғашқы екі жылда Павлодарда білім алса, кейін БМТУ-де жалғастырады. Жаңа бағдарлама бойынша оқитын студенттер 2018 жылғы оқу жылында қабылданады.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні С. Торайғыров атындағы ПМУ екі димломдық білім берудің 9 бағдарламасын ресми түрде бекіткен. Келісім Алтай мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Томск мемлекеттік университеттерімен агрономия, электроэнергетика, экология, туризм, биология және тағы басқа бағыттар бойынша келісім бар.