С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» бағытында біліктілікті арттыру курстары өтті. Шараға Ертіс өңіріндегі жоғары оқу орындарының 50 оқытушысы қатысты. Олардың 35-сі ПМУ өкілдері.

Шараны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ы ұйымдастырды.

Курстар барысында білім беру негіздерінің теориялық-әдістемелік мәселелері талқыланып, тәжірибелік дағдыларды жетілдіру және студенттердің жұмыстарын критериялық бағалау дағдылары  меңгерілді.

Қатысушылар  функционалды тұсаукесерлер жасау бағдарламаларымен жұмыс істеу, пәндер бойынша ресурстық базамен және студенттерді межелік тестілеу құралдарымен жұмыс істеуге баса назар аударылды.