С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стартапшылары Астанада өткен жыл сайынғы жастар бизнес-жобаларының ұлттық «StartupBolashak – Меніңарманым» байқауының ширек финалына өтті.

Байқауға мыңнан астам адам қатысып, 471 жоба ұсынылды. Үш күн ішінде старапшылар, менторлар мен аймақтық үйлестірушілер жартылай финалға өтетін 100 үздік жобаны таңдады.

Стартаптар «Жасыл экономика», «Білім беру», «Қызметтер», сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығы және химия», «Ақылды техънологиялар. Smartзаттар» және басқа тақырыптық секцияларға бөлінді.

Қатысушылардың басты мақсаты – жобаларын көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асыруға инвесторларды тарту.

Павлодар мемлекеттік университетінің абыройын қорғаған Дилара Абжанова, Ғабит Базенов, Диас Дильдибаев, Ернар Қайырбаев және Арман Нұралинов жаңашыл жобаларын ұсынды. Олардың қатарында фотоларды басып шығару бойынша тегін сервис, қалыптар мен фасадтық терпопанельдерді өндіру, шлактарды қайта өңдеу, SMART шеберхана және ломбардтан сатып алынбаған тауарды сату жобалары бар. Қазылар алқасының шешімімен бұл жобалар келесі кезеңге жолдама алды.

Сонымен қатар, стартапшылар үшін үздік бизнес-жаттықтырушылар мен коучерлердің қатысуымен тренингтер ұймыдастырылды.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың шілде айында конкурстың жартылай финалы өтті. Іріктелген жобалар Жазғы кубок шеңберіндегі жүлде қоры үшін бақтарын сынайды, сонымен қатар, байқауды ңтелевизиялық кезеңіне қатысады.