С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова Қазақстан-Америка жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумына қатысты.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова Қазақстан-Америка жоғары оқу орындары ректорларының ІІ форумына қатысты.

Форум алаңында жетекші американдық университеттерімен іскери келісімшарттар бекітілді.

Университет арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келіссөздер бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту, гранттар санын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, халықаралық білім беру Институты жəне халықаралық бағдарламалар Орталығы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою салтанаты өтті.

Айта кетейік, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті американдық әріптестерімен жылдар бойы бірлесіп еңбек етуде. Университетаралық серіктестік АҚШ-тың жетекші оқу орындарымен орнаған. Олардың қатарында Дьюка, Колумбия университеттері бар.