Финляндияның Хельсинки қаласында пауэрлифтингтен классикалық жатып сығымдап көтеруден әлем біріншілігі мен үшінші чемпионат өтті.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенті Кирилл Тезичев 93 келілік салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды.

Жалпы есеп нәтижесі бойынша спортшы юниорлар арасындағы жатып сығымдау бойынша алтын медальге ие болды. Студент 210,5 келілік штанганы көтеріп, әлемдік рекордты жаңартты.

К. Тезичев – халықаралық санаттағы спорт шебері. Ауыр атлетикамен бес жыл бойы айналысып, осы уақыт аралығында биік белестерді бағындырды. Спортшы республикалық біріншіліктер мен чепионаттарда жүлделі орындарға ие болған.