С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Challenge Өзгеше сен!» спорттық акциясын қолдауға арналған флешмоб өтті.

«La Vie Добро» еріктілер отряды ұйымдастырған акцияға 100-ден астам адам қатысты.

Профессорлық-оқытушылық құрам, қызметкерлер мен университет студенттері жұмыс күндерін гимнастикадан бастады. Спорттық шараны «Ертіс» футбол клубының негізгі құрамындағы шабуылшы Эдди Габриель Эрнандес пен жартылай қорғаушы Мадияр Рамазанов басқарды.

Акция 21 күн бойы өтеді. Шараларға хоккей, аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, грэпплинг, бокс және ат спортының өкілдері қатысады деп күтілуде.