Ақсу қаласының жас кәсіпкерлері мен оқушылары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болды.

Кездесу барысында бұған дейін жасалған меморандум негізінде келісімдерге қол жеткізілді. Құжат негізінде бірлескен ғылыми және зерттеу қызметі, семинарлар мен арнайы курстарды ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, оқытушылық-профессорлық құрамның біліктілігін арттыру және әлеуметтік әріптестікті дамыту мүмкіндіктері қарастырылған. 

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметованың айтуынша, қонақтарға университет тарихы, оның білім беру  мүмкіндіктері және оқыту бағдарламалары туралы айтып берді. 

Болашақ студенттер үшін университет бойынша кешенді экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар халықаралық стартап академиясының жұмысына қызығушылық танытты. Шара аясында мектеп оқушылары Канвас бизнес-моделі бойынша жұмыс істеу, питч-презентациялар жасау бағыттары бойынша тренингтер өткізілді. 

Болашақ кәсіпкерлер пластикалық бөтелкелер, резеңке қақпақтарын қайта өңдеу, 3D принтер қызметтері бойынша бизнес-идеяларын ұсынды.